altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
Қонысбек Бегайдаров: «Айнұр Көпбасарова – бүгінгінің Бөртесі!»
20.10.2021
901
0


Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының белді актері Қонысбек Бегайдаров «Бөрте» қойылымы төңірегіндегі дауға қатысты пікірін қосты.

 

Түркістан қаласында аншлагпен өткен «Бөрте» спектаклі ел руханиятындағы елеулі оқиғаға баланды. Дегенмен, қойылымға мін тағушылардың да қарасы көбейіп отыр. Сынаушылар спектакльге бөлінген 246 миллион 750 мың теңгені сөзбұйдаға салуда. Қонысбек Бегайдаров саналы ғұмырын сахнаға арнаған қайраткер әрі осы қойылымға шақырту алған беделді актер ретінде әлеуметтік желілерде желдей ескен даурықпаға қарсы көзқарасын білдірді.
 

«Мұндай сүйекті спектакль жылда жазылып, күнде қойылып жатқан жоқ. Дулат Исабеков секілді драматургтің туындысын Давиде Ливермор сынды италиялық танымал режиссердің сахналауы – орасан зор жаңалық. Себебі, Бөрте бейнесі алғаш рет драматургияның нысанына айналып отыр. Шыңғыс қаһанның сенімді серігі де, кемел кеңесшісі де, тіпті, ең қауіпті қарсыласы да бола білген Қоңыраттың, яғни, Қазақ қызының бейнесі қалай ашылды? Спектакльдің басты ерекшелігі неде, ұтқан тұсы бар ма, кем түскен жері қандай? Актерлер қалай рөлдерді аша білді? Режиссердің қаншалықты дайындықпен келді? Ауқымды тақырыпты игере алды ма? Осындай сұрақтар талқылануы керек еді, көбірек айтылуы керек еді», — дейді белгілі актер. Ол, әсіресе, тұтас елге танымал зиялы тұлғаларға туындының рухани құндылығына емес, материалдық шығынына сөз шығындап отырғандары үшін кейіс білдіреді. «Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде «Бөрте» спектакліне 246 млн теңге бөлінді» деп бөрінің артынша шуылдаған топтың дабырасы басым болып кетті. Солардың ортасында театр үшін жанын беруге әзір тұруға тиісті танымал тұлғалардың аттанға айғай қосуы, мені қатты қынжылтты. Ой, Құдай-ау, басқаның бәрін түгендеп болып, театрға бөлінген ақшаны түгендеу қалды ма? Әдетте аты да, заты да белгісіз, ешкімнің есінде қалмайтын саммит, халықаралық жиындар өтіп жатады. Оған кететін қаржыны кім есептеді? Оның қандай қайтарымы болды? Оған келгенде әлгі «аттаншылдардың» жұмған аузын ашқанын көрмеппіз. Тәуелсіздік тарихында мұндай қаражат өңірлік театрға тұңғыш рет беріліп отыр. Өнерге бөлінген ақша ешқашан желге ұшпайды. Оның бәрібір бір қайтарымы болады. Рухани азықты ақшамен өлшеген, өнерді материалдық дүниеден төмен ұстаған ел өрге баспайды», — дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
 

Қонысбек Бегайдаров «Бөрте» қойылымының өз-өзін ақтайтын жоба екеніне сенімді. Өйткені, Шыңғыс қаһанның бәйбішесі, қазақ қызы туралы мазмұнды туынды шетел сахналарында қойылғалы отыр. Оған әлемдік деңгейдегі театр сыншыларының назар аударуы ғажап емес дейді сахна саңлағы. Ол аталған туынды үшін жан аямай еңбек еткен режиссерге ерекше тәнтілігін жеткізді. «Бір спектакльге қыруар еңбек жұмсалды. Соның бәрін атқарып жүрген – Айнұр Көпжасарова деген қаршадай қыз. Бүгінгінің Бөртесі осы Айнұр десем артық емес. Жаңа ұжымды жасақтау, ауқымды жобаны жүзеге асыру екінің бірінің қолынан келетініне күмәнім бар. Ал соны Айнұр атқарды. Мінсіз қылып істеді. Мұншалықты ауыр жауапкершілікті алып жүру үшін де жүрек керек. Сондай «ұлтым» деген ұлы жүрек осы қарындасымызда бар екен. Соған қуандым! — деп тебіренді ағамыз.- Түркі дүниесінің рухани астанасы Түркістанға ертең осы «Бөртені» көру үшін туристтер ағылмасына кім кепіл? Өнерді, тарихты құрметтейтін мұндай жандар бар екеніне мен сенем! Айнұр қарындасымыздың көксегені де осы деп білем. Қалай болғанда да үлкен іс тынды! Біткен істің міні жоқ, бітірген ердің кемі жоқ, Айнұр Көпжасар көп ердің қолынан келмейтін істі тындырды! «Бөрте» спектаклі – қазақ театры тарихындағы бір белес. Сол белеске шығарған жанды қолдау қажет!» Қонысбек ағамыздың өзі осы қойылымда Бөртенің әкесі, Қоңырат тайпасының белгілі де беделді тұлғасы Дай шешеннің рөлін сомдаған еді. Актер осындай үлкен шығармада ойнауды өмірлік мұраты тұтыпты, бұл ғанибет алпыстан асқан шағында еншісіне бұйырғанына шүкіршілік етеді.


«Өңірлерден келген актерларды қайта жинау қиынға түседі деп «қынжылғандар» бар екен. Немене, басқа өңірдегі актерлар тоқалдан туып па? Олар да көрсін, сезінсін елдегі, әлемдегі жаңалықты. Бұдан өнер адамы өседі. Ал, олардың орнын басатын актерлар жергілікті жерден де шығады Құдай бұйыртса», — деп ой түйіндеді өнер майталманы. «Бөрте» қойылымына ел ішіндегі 60-тан астам театрдың төртеуінен ғана әртістер шақыртылған. Тобыл өңірінен Қонысбек-Зәмзәгүл Бегайдаровтар және Азамат Шүкеев алып туындыға арнайы қатысып, өнерлерімен қалың көрерменді таң-тамаша етті.

 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
15.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 15 мамыр күні
15.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 15 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері үшін «Есірткі-зұлымдық, біз олармен күресуіміз керек!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті
14.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Аналар күні аталып өтілді
13.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 13 мамырында Денисов аудандық Мәдениет үйінде Аналар күніне арналған «Мен-Анамын, ұрпағын әлдилеген» атты аудандық аналар байқауы өтті
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 13 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС ұжымы Медина Наженоваға арналған қайырымдылық концертін өткізді. (диагнозы: ауыр дәрежелі спастикалық диплегия).
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Байқауға "Мирас" би ансамблі қатысты. Жетекші Екатерина Юрьевна Черкасованы және ұжым қатысушыларын I орынмен құттықтаймыз! Шығармашылық жеңістер тілейміз!
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті
12.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 12 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өткізді
11.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 11 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» атты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты 5-ші апта аясында
11.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 2024 жылғы 12 мамырда сағат 17:00-де "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Барлығын мерекелік концертке күтеміз
10.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Аналар күні
10.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Мейірбике күні
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Жеңіс күніне арналған Концерт
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 9 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы Жеңіс күніне арналған мерекелік концертін өткізді
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 09 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы Жеңіс күніне арналған еске алу митингін өткізді. Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықталып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
09.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 9 мамыр күні Денисовка ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған "Бейбіт күн жасасын әлем" мерекелік бағдарламасы өтті
09.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Басты мереке.
09.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
2024 жылдың 15 мамыр күні
Автор: Денисов дом культуры
15.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні аталып өтілді
Автор: Әулиекөл дом культуры
14.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Мейірбике күні
Автор: Қостанай қ. дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Жеңіс күніне арналған Концерт
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Басты мереке.
Автор: Б. Майлин дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý