altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
ЖАНЫ – ЖАЗ, КӨҢІЛІ–КӨКТЕМ
06.01.2023
718
0


Әнші-композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдин 70 жаста.


Жастық шаққа саяхат

Адамды тану үшін көп уақыттың керегі жоқ екен. Мен қазіргі таңда рухани сырлас, тіршілікте тілектес, шығармашылықта үндес болып жүрген жан досым Қалибек Деріпсалдинмен таныс болғаныма біраз жылдардың жүзі болды. Шыны керек, әу баста бізді таныстырған да, табыстырған да киелі өнер.

Қалекең ұлтымыздың барлық қадір-қасиеті сақталған Аманкелді ауданының Батпаққара ауылында туып-өсті. Ауылдастары «қара бала» деп атап кеткен дарынды жасөспірім төменгі сыныпта оқып жүрген кезінің өзінде қазақтың терең ойға қалдырып, сезіміңді селт еткізер күйлерін құйқылжыта орындап, барша ұстаздарын тәнті етті. Оның осы алғашқы талпыныстары өнер сүйер қауымның тарапынан мақтау қағазға да ие болды. Бұл марапат оны ерекше қанаттандырып, алға қарай жетеледі. Содан 1970 жылы өзінің шығарған күйімен облыстық оқушылардың фестивалінде бірінші орынға ие болып, әулетінің де, ұстаздар қауымының да абыройын асқақтатты. Дәл сол жылы сонау Алатаудың баурайы Алматыдағы республикалық байқауда да лауреат атанып, дарынды жас баланың талантын күллі әділ қазылар алқасы мойындады. Осылайша, оның өнердегі алғашқы қадамдары сәтті басталды.

Туған жерге оралған соң талабын одан әрі ұштай түсті, әншілік қабілеті де ерте көрінді. Сол кездің өзінде дауысының ешкімге ұқсамайтын сыршыл саздылығы ұлттық бояуымен айрықша сезіліп тұратын. Ол әсем әуенді төрт-бес жасынан бастап айта бастады десек, еш қателеспес едік. Оның бойындағы осындай қабілет ұшқынын ерте байқаған Аманкелді орта мектебіндегі алғашқы ұстазы Аманбай Мұқышев еді. Мен бұл азаматты да көзім көрді. Қалекеңнің бір шығармашылық кешіне қатысып, өзінің шәкіртіне деген шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдіргені әлі күнге дейін есімде. Сол сәтте сахнадағы шәкірті де оның жылы лебізіне марқайып, жүрегі толқып тұрды.

Балалық шағының ізі қалған өңірдегі Аманкелді орта мектебін бітіргеннен кейін ол Тараз қаласындағы мәдени-ағарту училищесіне қабылданды. Жас дарын осы оқу орнында білім алып жүрген кезінде-ақ Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» эстрадалық ансамблінің құрамында өнер көрсете бастады. Сахнада өзін-өзі ұстауы жағынан, әнді орындау шеберлігінен болашақта қазақ халқының аузында жүрер мәдениет саласының майталманы болатындығын сол шақтың өзінде айқын танытты. Ол аталмыш училищені бітірген соң, өз мамандығы бойынша қызмет атқарып, кейінгі толқынның нағыз тәлімгері атанды. Жастыққа тән жалын танытып, Торғай өңірінде мәдениет саласын өркендетуге айтарлықтай үлес қосты. Оның өткен кезеңдегі еңбегін жерлестері де жыр қып айтады. Мәселен, ол Қима ауданында мәдениет бөлімін басқарып тұрған кезде «Гүлдәурен» халық аспаптар ансамблін құрып, аталмыш өнер ұжымы қысқа мерзім ішінде көпшілікке танылды. Іскер де ұйымдастырушылық қабілеті мықты азамат халық ықыласына бөленді.

 
Асыл ағалардың ұлағаты
 
Өнер үшін туылған бауырымызды республика халқы дарынды композитор ретінде жақсы біледі. Алматыдағы шығармашылық кеші жоғары деңгейде өткізілді. Залда ине шаншар орын болған жоқ. Сонда оған Қазақстанның халық әртісі, атақты композитор Әсет Бейсеуов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафу Қайырбеков, көрнекті жазушы Сәбит Досанов ақ батасын беріп, көрермендердің көз алдында мұны өзінің болашағынан мол үміт күттіретін дарынды інілері ретінде таныстырып, әндеріндегі тұнып тұрған әсем лирика мен жүректердің қылын шертетін, ешкімге ұқсамас сыршылдықты баса айтқан болатын. Содан бері де талай жылдар сынаптай сырғып артта қалды. Оның талантын жоғары бағалайтын әріптестері мен замандастары өзін «Қостанайдың Шәмшісі» деп атап кетті. Олардың бұлай дейтін себебі де бар. Өйткені, ұлы тұлға Шәмші Қалдаяқовтың әндері қандай әсерлі болса, Қалибектің туындыларын да жұрт ұйып тыңдайды. Көптеген мерекелік кештер оның әнінсіз өтпейді. Қарап отырсақ, қазір замандасымыздың әндері жүзден асады. Оның бәріне бірдей тоқталу әсте мүмкін емес. Дегенмен, сөздің орайы келгенде, композитордың «Айлы түнде», «Көктем қыздар», «Ерке құсым», «Сағыныш сазы» және басқа да көптеген шығармаларын жерлестері әрдайым асыға күтетіндігін тілге тиек еткеніміз абзал. Жалпы, кейіпкеріміздің сазгерлік қабілетінің шыңдалуына Алматыдағы тәлімгері Әсет Бейсеуовты мысалға алмағанның өзінде, жергілікті сазгерлер Болат Хамзин, Қайыржан Мақанов, Айтбай Мұздахановтардың ықпалы ерекше. Олардың қалыптасу кезеңдердегі берген ақыл-кеңестерін, көрсеткен бағыт-бағдарын Қалекең әрқашан көпшілік жиналған жерде аузынан тастамай айтып жүреді.
 

Негізі өнер де тұқым қуалайды. Текке де қарайды. Қалибектің әкесі Деріпсалды да өз ортасында сөзге шешен, палуан әрі домбыра шертіп, айналасындағылардың арасында сері жігіт атаныпты. Анасы Мағия да әнші, жыршы, термеші болған. Бұл ардақты апамыз сонау бір жылдары қазақ ұлтының мәртебесін асқақтатқан Қазақстанның халық ақыны Нұрхан Ахметбеков ұйымдастырған Торғай ауылындағы театрда әлгі есімі аталған біртуар тұлғамен бірге жұмыс істегендігі көпшілікке мәлім. Жұртшылықтың құрметіне бөленген Қалибек Деріпсалдин бірнеше ән жинақтарының авторы. Қалибек Деріпсалдинге Президентіміздің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы бостан-босқа берілген жоқ. Бұл абырой-беделге өзінің ұзақ жылғы адал еңбек, маңдай терімен жетті. Ән әлемінде өзіндік ерекше орны бар тума дарын көптеген халықаралық және республикалық композиторлар байқауының лауреаты. Қостанай облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері. Соңғы біраз жылдардан бері Қостанай қалалық мәдениет бөлімі жанындағы «Мирас» ансамблінің әншісі ретінде әріптестеріне өнеге көрсетті. Облыс орталығындағы маңызды мерекелердің бірде-бірі онсыз өтпейтін.

 
Мәуелі бәйтерекке айналды
 
Қалекеңмен бір шаһарда тұрып, өнерде бірге жүрген соң, рухани қолдап, күйеуінің қуанышына ортақтасып келе жатқан асыл жары, жібек мінезді Айшаны да жақсы білеміз. Инабатты Айша да Торғайдың аруы, ән мен күй десе ішкен асын жерге қоятын замандасымыздың бірі. Отағасының шығармашылықтағы алғашқы сыншысы да өзі. Дүниеге келген әнді бірінші болып Айша тыңдайды. Ұзақ жылдар қос аққудай жараса ғұмыр кешкен шаңырақ иесінің көңіл-күйін қас-қабағынан таниды. Сол себепті өнер адамының жағдайын, оның жан-дүниесін терең түсінеді. Отбасында болып, сырласа қалсаңыз, Қалекеңнің жүрек тебірентер сұлу да сәтті әніне, жас балаша мәз болып, айрықша қуанышқа кенелетін шақтарын да жасырмайды. Қазір Деріпсалдиндер әулеті жапырағын тереңге жайған үлкен бәйтерекке айналды. Ерлі-зайыпты Қалибек пен Айшаның бір шаңырақтың астында бақытты өмір сүріп келе жатқандарына жарты ғасырға жақындап қалды. Елімізге есімі кеңінен танымал әнші-композитор өзінің өнер жолын қуған бауырлары Роза және Жарқынбек Деріпсалдиндерді, Ербол және Бекбол есімді балаларына жастайынан ұлттық рухта тәлім-тәрбие берді. Қазір олар үйлі-баранды. Тоғыз немересі де ата-әжесінің көз қуаныштары. Ынтымағы жарасқан шаңырақтың тұңғышы Ербол полиция подполковнигі. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей, кішкентайынан ән-күйге құштарлық танытты. Сонау мектеп қабырғасынан бастап, әкесінің сазды әндерін нақышына келтіре орындап, абыз ақсақалдардың батасын алды. Одан кейінгі баласы Бекбол да ата-анасына қайырымды, ұлтымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қастерлейді. Ал өнерде өз қолтаңбасын қалыптастырған Жарқынбек те тәлімгері әрі өнеге тұтар ағасы Қалекеңді ерекше құрметтейді. Деріпсалдиндер әулетіндегі келіндері Айнұр, Сандуғаш, Гүлбақыттар жастайынан ұлағатты отбасында өсіп, заман талабына сай білім алған қазақ қыздары. Қаңтар айында елімізге кеңінен танымал дарынды әнші-композитор Қалибек Деріпсалдин мерейлі 70 жасқа толады. Оны осы қуанышымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына ырыс-береке тілейміз. Ғұмырлық серігіңіз Айша екеуіңіз ұрпақтарыңыздың бақытына бөлене беріңіздер.


 
Оразалы ЖАҚСАНОВ,
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері
Ақпарат мына сайттан алынды: http://kostanaytany.kz
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
15.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 15 мамыр күні
15.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 15 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері үшін «Есірткі-зұлымдық, біз олармен күресуіміз керек!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті
14.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Аналар күні аталып өтілді
13.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 13 мамырында Денисов аудандық Мәдениет үйінде Аналар күніне арналған «Мен-Анамын, ұрпағын әлдилеген» атты аудандық аналар байқауы өтті
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 13 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС ұжымы Медина Наженоваға арналған қайырымдылық концертін өткізді. (диагнозы: ауыр дәрежелі спастикалық диплегия).
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Байқауға "Мирас" би ансамблі қатысты. Жетекші Екатерина Юрьевна Черкасованы және ұжым қатысушыларын I орынмен құттықтаймыз! Шығармашылық жеңістер тілейміз!
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті
12.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 12 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өткізді
11.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 11 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» атты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты 5-ші апта аясында
11.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 2024 жылғы 12 мамырда сағат 17:00-де "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Барлығын мерекелік концертке күтеміз
10.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Аналар күні
10.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Мейірбике күні
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Жеңіс күніне арналған Концерт
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 9 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы Жеңіс күніне арналған мерекелік концертін өткізді
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 09 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы Жеңіс күніне арналған еске алу митингін өткізді. Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықталып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
09.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 9 мамыр күні Денисовка ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған "Бейбіт күн жасасын әлем" мерекелік бағдарламасы өтті
09.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Басты мереке.
09.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
2024 жылдың 15 мамыр күні
Автор: Денисов дом культуры
15.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні аталып өтілді
Автор: Әулиекөл дом культуры
14.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Мейірбике күні
Автор: Қостанай қ. дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Жеңіс күніне арналған Концерт
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Басты мереке.
Автор: Б. Майлин дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý