Рудный қаласында Ыбырай Алтынсариннің Торғай даласында тұңғыш ашқан мектебінің 160 жылдығына арналған «Ыбырайдың тұңғыш жаққан шырағы» атты «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы басталды
Атыстың алғашқы айналымында облыстың әр өңірінен келген 14 айтыскер 7 жұп болып шықпақшы.
Қазылар алқасының төрағасы – Батырлан Сағынтаев. Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің аға ғылыми қызметкері, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы мен Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, көптеген республикалық айтыстардың жеңімпазы.
Қазылар алқасының мүшелері айтыскер ақын, көптеген облыстық және республикалық айтыстардың жүлдегері, Қазақ тілі қоғамының және айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі Ғалымгерей Кенжеғозин мен ақын, прозашы, Рудный қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Рудный қаласы ауылшаруашылық саласының «Құрметті Ардагері» төс белгісінің иегері Жаңбыршы Тілеуғабылтегі.
Бақтарын сынап келген жастарға сәттілік тілейміз.