28 маусым БАҚ қызметкерлері күніне орай бүгін "Қостанай таңы" газеті ұжымының салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Іс-шарада тілшілерді құттықтап құрметті қонақтар сөз сөйлеп қана қоймай, марапаттарын да ала келген.
Салтанатты шарада әріптесіміз, "Шабыт қанатында" журналының ақпараттық редакторы Айтолқын Көкенәкиқызын орталық басшысы Алғыс хатпен марапаттады.
Шараға атсалысқан Федоров ауданының әншісі Тасқын Әжібай, жетігеншілер Фариза Жоламанова, Гүлнұр Қайсарова, Алтынай Жұмағалиеваға, Қостанай аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған "Шалқыма" вокалды-аспаптық тобына, осы ауданның музыкалық мектебінің мұғалімі, жетігенші Мөлдір Құлымбетоваға, Қостанай қалалық музыка мектебінің ұстазы, қобызшы Назгүл Молдахметова, Меңдіқара аудандық мәдениет үйінің өнерпазы, жетігенші Гүлжан Нұрмұхамбетоваға және Қостанай облыстық "КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫ" ҚБ төрағасы, әнші-композитор Азамат Мұқатовқа алғыс білдіреміз.
Барша БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!