altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» айдары Қазанғаптың күйі «Торы жорғаның бөгелек қақпайы» - орындаған Сәдуақас Балмағамбетов
02.03.2021
865
0
 
Қазанғаптың күйі  «Торы жорғаның бөгелек қақпайы»


Қазанғаппен сыйлас, қадірлес Бүркітбай деген бай болған. Мал тегін адамға бітпейді ғой, Бүркітбай төрт түліктің тілін білетін, шаруаның ығын тапқыш, табиғат сырын танығыш зерек жан болса керек.

Бір жылы жаз ортасы ауғаннан-ақ шөп буыны ерте қатып, құс ерте қайтып, жылқы малы ішін тартып, алдағы қыстың қолайсыз болатын сыңайы байқалады. Табиғат сырына зерек Бүркітбай ширақ қимылдап жүріп, ұсақ малы мен қара малын базар шығарып, ақшаға айналдырып үлгереді. Ал жылқысын сенімді жігіттерге тапсырып, Аралдың Құланды деп аталатын құрақты, қамысты қорығына айдатады.

Бүркітбай қателеспеген екен, қылышын сүйретіп қыс келеді. Қара күзден бастап көк иық етіп ұзақ жауған қара жауынның аяғы сақылдаған сары аязға ұласады. Дала төсін көк сауыт мұз құрсайды. Жерден қылтанақ теріп жей алмаған төрт түліктің аз күнде жілік майы үзіліп, ақсүйек жұт болады.

Әбден, күйзеліп көктемге «шықпа, жаным, шықпа!» – деп әзер жеткен ел бар үмітін Құландыдағы жылқыға артады. Содан, көктем жылт етіп шығып, ел-жұрт біріне-бірі сүйеніп, жайлауға тұяқ іліктіргенде Бүркітбайдың қалың жылқысы да көрінеді. Жай көрінбейді, бір басы екеу болған көп жылқы шұрқырап, сұлық жатқан дала төсіне жан бітіреді. Жер қайысқан жылқының алдында Бүркітбайдың малының басы Торы жорға айғыр, жал-құйрығы жер сызып, кекілін сілки шұлғып, үйреншікті жайлауын бетке алып келе жатса керек.

Осынау көрініске сүйсініп, іштей шүкірлік еткен Қазанғаптың қолындағы домбырасынан тың сарын лекілдей төгіліп қоя берген екен. Сонда жаңа күйге елең ете қалған Бүркітбай да қуанышын жасыра алмай: «Қазанғап-ау, мына күйің сонау көрінген торы жорғаның бөгелек қақпайы сияқты ғой!» – десе керек. Қазанғап болар-болмас жымиып қойып: «Болса, болар!» – деген екен. 

Ел қуанышын өз бағына балайтын Қазанғаптың бұл күйі кешікпей-ақ «Торы жорғаның бөгелек қақпайы» деген атпен дүйім жұртқа тарап кетеді.  
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
12.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 12 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өткізді
11.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 2024 жылғы 12 мамырда сағат 17:00-де "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Барлығын мерекелік концертке күтеміз
10.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Аналар күні
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Жеңіс күніне арналған Концерт
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 9 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы Жеңіс күніне арналған мерекелік концертін өткізді
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 09 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы Жеңіс күніне арналған еске алу митингін өткізді. Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықталып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
09.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Басты мереке.
09.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 9 мамыр 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
06.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Отан Қорғаушылар күні мерекесі аталып өтілді
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Аналар күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Жеңіс күніне арналған Концерт
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Басты мереке.
Автор: Б. Майлин дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
Автор: Әулиекөл дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Отан Қорғаушылар күні мерекесі аталып өтілді
Автор: Әулиекөл дом культуры
06.05.2024
Ary qaraı
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý