altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
BAQ.KZ: АРҚАЛЫҚТЫҢ МЫҢ ДОБЫРАШЫСЫ
03.07.2022
1215
0

BAQ.KZ


Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық домбыра күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына орай Арқалық қаласында мың добрашы күй шертті.


 
Ұлттық аспапты дәріптеген ұлық мерекені ұйымдастыруға Әмірхан Асанов тікелей мұрындық болғанын айта кеткен жөн. Мың адамдық оркестр құрамын жасақтауда тек жергілікті тұрғындарға ерекше мән беріліпті. Атап айтсақ, Арқалық қаласы мен оған қарасты он сегіз ауыл тұрғындары халық аспаптар оркестрінің құрамын толықтырды.


 
«Арқалық қаласында халық аспаптар оркестрі мен қала тұрғындарынан құралған 1000 адамдық оркестр өнер көрсетті. Олар «Тепеңкөк», «Салкүрең» сияқты халық күйлерін, Құрманғазының «Балбырауын», Нұрхан Ахметбековтың «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін нақышына келтіріп орындады. 

 
Ұлттық аспабымыз, ұлттық өнеріміз ұлықталған шараның ұлағаты мол. Осы шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстаған. Ең жасы үлкен домбырашы 87 жаста, ең жас өнерпаз 8 жаста. Бір әулеттен 22 адам өнер көрсеткені де таңғаларлық жағдай. Арқалықтағы айрықша өнер мерекесі жиналған жұртшылыққа рух беріп, көңілін көкке көтеріп тастады, - дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
 
Аталмыш шара талай тектіні түлеткен алақандай Арқалық қаласында алғаш рет өтіп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Осынау ұлтық рух пен қазақтың қасиетті қара домырасын қастерлеген шараның атауы да ерекше. Ол «Домбыраның күмбірі, бар қазақтың бірлігі» деп аталады.

 
«Мың адамнан құрылған халық аспаптар оркестрінің дирижері ҚР мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Бораш Әбенов болды.
 
«Осы мың домбырашылар флешмобына қатысып, естіген құлақтың құрышын қандырып, тамылжыта күй шерткен 87 жастағы ақсақалымыз Кәкеш Шәріпұлына құрмет көрсетіліп сый-сыяпат жасалды. Шараның ең жас добырашысы 8 жасар Мейіржан Қабиден де назардан тыс қалған жоқ.

 
Оның сыртында «Добырашылар әулеті» аталмына ие болған Бөлтіріктер әулетінен 22 адам осы шарада бірге отырып күй шертті , - дейді Арқалық қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова.
 
Шара соңында қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дирижері, ҚР мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Бораш Әбеновті қала әкімі Әмірхан Біркенұлы арнайы сыйақымен марапаттады. Ұлттық мұрамызды дәріптеген Арқалықтағы рухни кеш жергілікті өнерпаздардың концерті және мерекелік от шашумен аяқталды.

 
Фото: автордан
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
15.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 15 мамыр күні
15.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 15 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері үшін «Есірткі-зұлымдық, біз олармен күресуіміз керек!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті
14.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Аналар күні аталып өтілді
13.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 13 мамырында Денисов аудандық Мәдениет үйінде Аналар күніне арналған «Мен-Анамын, ұрпағын әлдилеген» атты аудандық аналар байқауы өтті
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 13 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС ұжымы Медина Наженоваға арналған қайырымдылық концертін өткізді. (диагнозы: ауыр дәрежелі спастикалық диплегия).
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Байқауға "Мирас" би ансамблі қатысты. Жетекші Екатерина Юрьевна Черкасованы және ұжым қатысушыларын I орынмен құттықтаймыз! Шығармашылық жеңістер тілейміз!
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті
12.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 12 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өткізді
11.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 11 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» атты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты 5-ші апта аясында
11.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 2024 жылғы 12 мамырда сағат 17:00-де "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Барлығын мерекелік концертке күтеміз
10.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Аналар күні
10.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Мейірбике күні
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Жеңіс күніне арналған Концерт
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 9 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы Жеңіс күніне арналған мерекелік концертін өткізді
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 09 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы Жеңіс күніне арналған еске алу митингін өткізді. Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықталып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
09.05.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 9 мамыр күні Денисовка ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған "Бейбіт күн жасасын әлем" мерекелік бағдарламасы өтті
09.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Басты мереке.
09.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
2024 жылдың 15 мамыр күні
Автор: Денисов дом культуры
15.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні аталып өтілді
Автор: Әулиекөл дом культуры
14.05.2024
Ary qaraı
Аналар күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Мейірбике күні
Автор: Қостанай қ. дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Жеңіс күніне арналған Концерт
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Басты мереке.
Автор: Б. Майлин дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý